Қ.Тоқаев Ұлыбритания елшілігіне барды

Борт №1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Британия жұртшылығының қайғысына ортақтасып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. 

Жалпы көңіл айту кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев патшайымның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізгенін атап өтті. «Ол көшбасшы болды. Оның мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін», – деді Президент.