Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

Қаңтар оқиғасын тергеу және оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында.

Бүгін еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов Президентке есеп берді. Кездесуде ведомство атқарған жұмыстың қорытындылары туралы айтылды. Мәселен, Прокуратура адам құқықтарын қорғау, кен орындарын барлау, мемлекетке қайтарылған мүлік, заңсыз берілген жерлер бойынша тергеу жүргізген. Нәтижесінде 200-ге жуық сотталушының жағдайы жақсартылды. Ал жер қойнауын пайдаланушылардың бюджетке 96 миллиард теңгені уақытылы төлемегені анықталды. 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалғаны жөнінде айтылды. Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.