Exit poll: сайлаудың алдын ала нәтижесі шықты

Экзитпол кезектен тыс Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институтының» есебімен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 82,45 пайыз дауысын жинады. Одан кейінгі орын Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз. Қарақат Әбден – 2,54 пайыз, Қажыкен Мейрам – 2,23 пайыз, Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз, Салтанат Тұрсынбекова – 2,08% дауысқа ие болды. Саяси науқанға сайлаушылардың 68,7 пайызы, сауалнамаға мыңнан астам адам қатысқан. Ал, «Amanat партиясы жанындағы қоғамдық саясат институтының» мәліметі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 85,52 пайыз дауыс жинап қалған кандидаттардан басым түсті. Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген зерттеу бойынша президент сайлауына қазақстандықтардың 70,6 пайызы қатысқан. Олардың есебі бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлаушылардың басым дауысына ие болды. Оны 82,02 пайыз адам қолдаған.