Президент Жоғарғы аудиторлық палата төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.
Кездесуде палатаның былтырғы жұмыстары жөнінде есеп берілді. Өткен жылы елдегі 124 мекемеде 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Осылайша бюджеттен бөлінген 5 триллион теңге бақыланды. Енді биыл жылу энергетика кешені мен бірнеше министрлікте аудит жүргізу жоспарланып отыр. Кездесу соңында Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.