Президент Сианьдағы Бас консулдықтың ашылуына қатысты

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өзінің дипломатиялық өкілдігін ашқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Президент өз сөзінде Сианьның «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті екеніне тоқталды. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімдерге де қол қойылғанын атап өтті. «Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Сианьда Бас консулдық ашу туралы тиісті жарлыққа былтырғы жылдың қараша айында қол қойған болатын.