Президент өртенген аумақты тікұшақпен аралап шықты
Президент табиғат апатының ауқымын бағамдау үшін тікұшақпен аралап шықты.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысын баяндап, тілсіз жаумен күресте қандай шара қабылданғанын жеткізді. Абай облысында 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.