Тоқаев Жетісу облысына барды

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.