Тоқаев Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы елімізге ресми сарапмен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге жайын сөз етті. Қазақ-мажар қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын жан-жақты талқылады. Президент Виктор Орбанға: Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға ниет танытқаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді. Бұл сапар екі жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі екі ел әрдайым сенімді стратегиялық серіктес болғанын, алдағы уақытта да солай бола беретінін атап өтті.