Того президенті Қазақстанға келді

web.telegram.org/k/#@aqorda_resmi

Того Президенті Астанада.

Елімізге ресми сапармен келген Фор Эссозимна Гнассингбені Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жайы қаралады. Сосын Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланбақ.

Жалпы сауда-экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін мол әлеует бар. Былтыр Қазақстанның Африка мемлекеттерімен арадағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айдың ішінде өзара сауда-саттық 568 миллион долларға жетті. Қазақстан шикізат және шикізаттық емес тауар түрлері бойынша аталған құрлыққа экспорт көлемін ұлғайтуға дайын. Тау-кен индустриясы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін мүмкіндік мол.