Президент: Цифрлық платформаны құру қажет
Президент Цифрлық платформаны тез арада құру қажеттігін айтты.
Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша «прокурорлық сүзгі» жұмыс істей бастайды. Мемлекет басшысы осылайша, инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғауға болатынын жеткізді. Елде жасанды интеллект жүйесін құру – өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе екендігін тілге тиек етті. Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Бұл бағыт Президенттің бақылауында болмақ.