Мемлекет басшысы Мысыр президентін құттықтады

www.akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі, сондай-ақ Мысыр халқының өзіңізге артқан  зор сенімі деп білемін. Осы ретте еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігіміз болашақта да жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін,  – деп жазылған жеделхатта.