Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын да қабылдады.
Кездесу барысында Марат Омаров президентке Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы жөнінде баяндады. Оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына қатысты тапсырма берді. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғап әрі өркендету міндетін жүктеді.
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
- Мемлекет басшысына агенттіктің 2023 жылы монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндадым. Орындалған нұсқамалардың үлесі 90,3 пайызға жетті. Сондай-ақ саланы цифрландыру барысы туралы баяндадым. Бүгінде агенттікте бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық талдамалы жүйе іске қосылды. Ақпараттық жүйе дерекқорын тану үшін жасанды элементтер еңгізіледі.