Президент сенбілікке қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.
Шараға волонтерлер, Ассамблея жастары, еліміздің креативті индустрия өкілдері мен алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар атсалысты. Олар Президентпен бірге сенбілікке қатысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті. Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесіп, қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру мен табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті. Президент заң мен тәртіп үстемдігі бәріне қатысты екенін айтып, вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне назар аударды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Ботаникалық бақты аралап, жалпықалалық сенбілікке қатысып жатқан тұрғындарға, елорданың коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.