СҚО-да тасқынның беті қайтты
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқынның беті қайтты, деп хабарлайды 24KZ.
Синоптиктердің айтуынша, Есіл өзенінің арнасы барлық гидробекетте төмендеген. Мысалы, бүгін таңертең Петропавлда судың деңгейі 17 сантиметрге түсті. «Сергеев су қоймасындағы жағдай да тұрақталып келеді», – дейді мамандар. Қазір бөгет үстімен сарқырап жатқан ағынның биіктігі – 175 сантиметр. Одан ешқандай қауіп жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, биыл өңірде Есіл өзені қатты тасып, 4 мыңға жуық үйді су басып қалды.
Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:
- Көктемгі тасқынның екінші толқыны өтті. Қазір Есілдің қала маңындағы тереңдігі – 12 метр 99 сантиметр. Болжам бойынша өзен бір айдан кейін тартылып, өз арнасына түсуі тиіс.