Су тасқыны. Бозымбаев каналдарды тексеріп қайтты
Кеше вице-премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынына қарсы нысандарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты.
32 шақырымға созылған «Соколок» арнасы Жайық өзенінің ағысын Атырауға қарай бағыттайды. Сөйтіп, арна қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады.
Қанат Бозымбаев ұзындығы 24 шақырымдық жаңа арнаны да тексерді. Сондай-ақ, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған қауіпті учаскелерге барды.
Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды тапсырды. Бүгінде онда жалпы ұзындығы – 252 шақырым бөгет тұрғызылды.