Президент Малайзия премьерімен шағын құрамда кездесу өткізді

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Малайзия Премьер-министрі шағын құрамда кездесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың жай-жапсарын талқылады. Президент Малайзия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестесі екенін атады. Сондай-ақ екі ел байланысының берік негізі қалыптасқанын жеткізді. Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл сапарға зор мән беріп отырғанын айтты. Астанаға үлкен құрамда келген Малайзия делегациясы соның айқын дәлелі болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан мен Малайзияны ұзақ жылғы достық пен өзара ынтымақтастық арқауы байланыстырады. Бізде бұл бағытта жақсы дәстүр қалыптасқан. Сондықтан Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз көптеген маңызды салаларда өзара ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін қосымша күш жұмсауға дайынбыз.