Тоқаев Сингапур президентімен келіссөз жүргізді

Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты.

Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады деп күтіледі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізу барысында айтты. Кездесуде Президент қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде мемлекет басшысы ретінде Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санай-тындығын айтты. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді. Кездесуде энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейту жайы да талқыланды.