ҚР Президенті Владимир Путинмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы Шанхай ытымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан-Ресей қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Владимир Путин Шанхай ытымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан осы маңызды іс-шараның дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді. Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын өз бақылауымда ұстап отырмын. Сіздің сапарыңыз кезінде келісілген жобалардың маңызы зор және елдеріміздің өзара ықпалдастығының стратегиялық сипатымен ұштасады. Сондықтан олардың жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл жобалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының мүдделеріне сай келеді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Екіжақты қарым-қатынасымызға келер болсақ, сіздермен үнемі байланыстамыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып, шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді.