Еліміздің астықты экспорттау әлеуеті 12 млн тоннаға жетті
Биыл елдің астықты экспорттау әлеуеті 12 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл өте жақсы әрі ауқымды көрсеткіш. Мемлекет басшысы Астанада өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің міндеті шаруаларға өз өнімдерін шетелге шығаруы үшін жан-жақты қолдау көрсету екенін атады. Қазір елде сыйымдылығы 700 мың тонна болатын қоймалар салу мен жаңғыртудың кешенді жоспары қабылданды. Президент отандық агроөнім өндірушілердің алдына дәстүрлі өткізу нарығын сақтап қана қоймай, эспортты әртараптандыру міндетін қойды.
Ядыкар Ибрагимов, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы төрағасы:
- Ведомстволардың, әсіресе, Сауда және интеграция министрлігінің қолдауы аясында қайта өңдеу өнеркәсібі дамып келеді. Бұл тұста Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіп кешені алдына қойған «Өңделген өнім үлесін 70% ұлғайту» тапсырмасын айтуымыз керек. Үкімет оның аясында маңызды қадамдар жасады.