Президент «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады.

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке компания жұмысының нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.