Қазақстанның әскери ғалымдары мен педагогтері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау туралы бұйрығының шығуымен байланысты.
Армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті көбіне әскери ғылымның жай-күйіне және мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыда ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мүдделерін зерттеуге, сондай-ақ ғылым мен тәжірибені біріктіруге көп көңіл бөлінеді. Жасанды интеллект технологияларын дамытуға, заманауи қару-жарақ жүйелерін, ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды және киберқауіпсіздік құралдарын жасауға баса назар аударылып отыр.
Жалпы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-білім беру қоғамдастығында 10 ғылым докторы, 70 философия докторы (PhD) және 51 ғылым кандидаты бар. Олардың күшімен 40 оқу құралы мен 22 монография жарық көрді, 590-нан аса ғылыми мақала жарияланды, оның 82-сі халықаралық басылымдарға шықты. Олардың есебінде 13 тіркелген патент және 39 зияткерлік меншік туралы куәлік бар. Гранттық қаржыландыру шеңберінде 21 ғылыми және 12 бағдарламалық-нысаналы жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрлігі, ғылыми қоғамдастық білім беру мекемелеріне зерттеу ЖОО мәртебесін беру шараларын қабылдап жатыр. Елдің жоғары әскери білім ошақтары – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Бұл білім ордаларында 10 ғылым докторы, 53 философия докторы (PhD) және 48 ғылым кандидаты сабақ береді.
Әскери педагогтер оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Тәжірибеге үдеткіштер мен тренажерлерді қолдану енгізілуде. Нақты ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда имитациялау курсанттардың қажетті жауынгерлік және тактикалық машықтарын шыңдайды.
Әскери білім мен ғылымның бүкіл жүйесі әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларын, стратегиялық ойлауын және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімделу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.