Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінді
Түнгі сағат он екіге таяу Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 257 шақырым жерде жер сілкінді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады. Дүмпудің күші Алматы және Сарқанд, Талдықорғанда 2 балл, ал Жаркентте 4 балл болған. Шонжы мен Текеліде 3 балдың шамасында тіркелді.