Президент One Water Summit саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан ((One Water)) Уан Уотэр саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Францияға, Сауд Арабиясына және Дүниежүзілік банк тобына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ жиынды Рияд қаласында бірлесіп өткізген Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі, Салман бен Әбдел-азизге және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі, Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа алғыс айтты. Президент су қауіпсіздігі, орнықты дамудың, экономикалық өрлеудің және қоршаған ортаны қорғаудың, негізі болып саналатынын атап өтті. Су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шараларды бірлесіп қабылдауға шақырды. Су, таусылмайтын ресурс емес. Оны үнемдеп пайдалану керек. Сонда ғана адамзат өркендеу жолына түседі, – деді Мемлекет басшысы. Презденттің айтуынша, су көздерін өнеркәсіптік, химиялық, ауылшаруашылық және тұрмыстық ластанудан қорғау ісінде, технологиялық инновациялар мен реттеу тетіктерін қолдану қажет. Судан таршылық көрмеудің маңызды аспектілерінің бірі су қоймаларының әлеуетін арттыру, мұздықтарды сақтау, су-арудың инновациялық жүйесін енгізу.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әлемде 2 миллиардтан астам адам сапалы ауыз суға жарымай отыр, ал 4 миллиардтан астам халық су тапшылығына ұшырады. Адамзаттың орнықты келешегін қамтамасыз ету үшін әлем елдері қазіргі сын-қатерлерге қарсы ортақ үн қатуы қажет. Орайлы сәтті пайдалана отырып, су тапшылығымен бетпе-бет келген елдер мен өңірлердің барлығына көмек көрсету жоспарын жариялағаны үшін Жоғары Мәртебелі Корольге шынайы ризашылығымды білдіремін. Жер аумағы көлемді және теңізге шығатын жолы жоқ ел ретінде Қазақстан судың қадірін анық сезінеді.