Жаңа жыл әр елге әртүрлі уақытта кіреді

Әр елдің салты басқа. Әркім жаңа жылды хал-қадірінше қарсы алады. Дүниенің бір шетінде той-думан, жұрт алашапқын болып жатса, кей елдер үшін бұл күн – күнтізбедегі қарапайым дата. Ал біздің елде жаңа жыл алдында қарбалас басталады. Ел жақын-жуығына әсіресе кішкентайларға сыйлық әзірлейді. Мол дастархан жаяды. Ал өзге елдер не істейді?

Жаңа жылды сағат тілі 00-00-ді көрсеткенше күтеміз. Алайда сізден бұрын қарсы алатындар бар. Жер бетінде 24 сағаттық белдеу бар екенін ескерсек, жаңа жыл әр елге әртүрлі уақытта кіреді. Жыл сайын жаңа жылды әлемде бірінші болып Тынық мұхитының батысында орналасқан Кирибати Арал мемлекетінің тұрғындары қарсы алады. Кирибатиде жаңа жыл 31 желтоқсанда біздің уақыт бойынша сағат 17:00-де басталады. Ал ең соңғы болып америкалық Самоа елді мекені, Мидуэй, Ниуэ аралдары және Кирибатидегі Лайн аралдары қарсы алады. Яғни күн мен уақыт 2 қаңтарды және түн ортасы сағат 1-ді көрсетеді. 

Тек уақыт емес, мезгіл жағынан да айырмашылықтар бар. Мәселен бізде қыс. Ал Бразилия мен Австралияда қазір жаз. Бұл елдердің қысы керісінше біздің шіліңгір шілдемізде келеді. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен туристер жаңа жылды жағажайда қарсы алады. Онда серфингпен шұғылданып, би билеп, пикниктер ұйымдастырады. Мерекені тойлау жалпы 5 күнге созылады. 

Әр елдің салты басқа, тілегі бір

Жаңа жыл қарсаңында жасалатын қай үрдісті алмайық, бәрі келер жыл жақсылыққа толы болсын деген тілектен туған. Мәселен жаңа жыл келгенде Венгрия тұрғындары қоймаларынан мүйіздерін, сырнайларын, ысқырғыштарын алып, барынша дауыстап ысқырады. Осылайша олар үйді жаман рухтардан тазартып, береке мен қуаныш үшін кеңістікті босатады. 

Италияда ортағасырлық дәстүрге сәйкес, ескі заттарын терезеден лақтырады. Наным бойынша мұндай құбылыс сәттілікке жеткізеді. 

Шотландияда жергілікті наным бойынша 1 қаңтарда үйдің табалдырығын аттаған алғашқы қонақ – қара шашты адам болса, ол сәттілік әкеледі. Мерекеге келген қонақ өзімен бірге көмір алып келуі тиіс, кейінірек оны сәттілік үшін алауошаққа лақтырады.

Күншығыс елінде жаңа жылды аурулардан қорғану және сәттіліктің серігі болу үшін жаңа киіммен қарсы алады. Шыршаның орнына кішкентай мочибана ағашы қойылады. Қарағай бұтақтарымен есіктерді безендіреді. Жаңа жылдағы түнде әрбір жапондық кемелдену және негативтен арылу үшін 108 қоңырау соғысын естуді армандайды. 

Жаңа жылды тойламайтын елдер

Жаңа жылды мүлдем тойламайтын немесе белгілі себеппен тойлауға тыйым салынған елдер де бар. Қытай, Үндістан, Бангладеш, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Израиль, Иран жаңа жылды жылдың әртүрлі айында қарсы алады. Бұл сол елдің салт-дәстүріне, наным-сеніміне байланысты қалыпты үрдіс.

Қытай

Үндістан

Бангладеш

Вьетнам

Сауд арабиясы

Израиль

Иран

Келер жылдан үміт көп

Жалпы биылғы жыл бірқатар ел үшін әсіресе Таяу Шығыс елдері үшін өте ауыр жыл болды. Өкінішке қарай қақтығыстар келер жылы да жалғасады деп болжайды сарапшылар. Дегенмен биыл қақтығыстан зардап шеккен елдің бірі Ливан келер жылдан үмітті. Елде уақытша бітім орнағалы бері тұрғындар да үміт пайда болған. Қазір ел астанасы Бейрутте мерекелік көңіл күй сезіледі.

Шерин Аль-том, тұрғын:

- Күнде бомбаның дауысын естіп есеңгеріп қалған едік. Қазір енді ес жиып жатырмыз. Алайда Газадағы ахуалға қатты алаңдаймыз. Мына атмосфераға қараңызшы. Мына ілінген шамдардың барлығы бейбіт күнге деген сенім және үміт секілді.