Семсерлесуші София Ақтаева әлем кубогында топ жарды
Ақтаева әлем кубогында топ жарды, деп хабарлайды 24KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода өтті. Оған еліміз атынан София Ақтаева қатысқан болатын. Ол семсерлесудің рапира бағытында сынға түсті және 52 спортшы арасынан алға шығып, ең үздік нәтижені тіркеді.
София финалда Қытай өкілі Чихе Теймен кездесіп, 2 ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 15:13. Осылайша қазақстандық қыз әлем кубогының алтын жүлдегері атанды. Бұл отандық спорт үшін 2025 жылдың алғашқы жарқын жеңісі деуге болады.