Мемлекет басшысы православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
2025 жылғы 07 қаңтар
Құрметті отандастар!
Еліміздің барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.
Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православие дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.
Православие діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.
Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.
Еліміздің православие христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Рождество мерекесі құтты болсын!