Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны өсті
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 2 млн-нан аса жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы тіркелді.
Сондай-ақ айналымда метапневмовирус бар. Ол негізінен ауа тамшылары және тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Дәрігерлер созылмалы аурулары бар адамдарға сақтанып, халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға шақырады.