Алматы облысында 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Былтыр Алматы облысында игерілмей жатқан 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24KZ. Жерді иеленгендер 75 мың гектарға жуық алқапты өз еркімен қайтарған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15 мың гектарға жуық жер сот арқылы тәркіленді.
Жалпы облыста аумағы 422 мың гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Әзірге соның төрттен бір бөлігі қайтарылған. Мемлекет меншігіне өткен жерлер конкурс арқылы жер теліміне мұқтаж жандарға беріле бастады. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Заңбұзушылықтың алды алынып, жердің экологиялық жағдайын жақсарту шаралары күшейеді.
Меруерт Ошақбаева, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы:
- Жер ресурстарын басқару департаментімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жақта 150 мың гектар сол кісілермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Салықты 20 есеге еселендіру бойынша. Сондай-ақ қайта пайдалануға кіріскендері бар, сотта жатқан материалдар бар. 31 500 гектар. Өз еркімен қайтарылғаны 74 800 га, қалғаны сот арқылы қайтарылды.