Қазақстан-Ресей шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толды
Бүгін Қазақстан-Ресей мемлекеттік Изображениешекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Айтулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
«Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды», - деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында. Мемлекет басшысы көрші екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді. Бұл маңызды құжатқа 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған болатын.