Жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобалары талқыланды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жиында мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобасы талқыланды.

Кездесуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасы, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» басшысы мен бірқатар сала жетекшілері баяндама жасады. Маңызды құжаттағы өзгерістердің ел экономикасына әсері туралы ой бөлісті. Талқылау соңында Премьер-министр Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.