Қазақстанда «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған жаңа жоба «Наурыз жұмыскер» деп аталады. Ол бойынша енді түрлі салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер баспаналы болмақ. Қолдау шарасына биыл 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланған. Жалпы бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары мамандарын қамтиды. Өтінім қабылдау 17 наурыздан басталады. Талаптарына тоқталсақ, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7%, ал қалған санаттар үшін  9%-дық  мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна - 10 пайыз. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.

Мөлшерлеме - әлеуметтік осал санаттары үшін 7%

Басқа барлық санаттар үшін 9%

Бастапқы жарна - 10%

Несиенің ең жоғары сомасы  - ₸ 30 млн

Астана мен Алматы қалалары  - ₸ 36 млн