Еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды

Бүгін түнде солтүстік өңірлерде қаңтардың қытымыр аязы күшіне мінді, деп хабарлайды 24kz.

Сынап бағанасы 35 градусқа дейн төмендеді. Шығыс Қазақстанның кей аудандарында аяз 40 градусқа жетті. Тіпті оңтүстіктің кей аудандарда 28 градусқа дейін суытты.

«Елдің басым бөлігінде Солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады», - дейді синоптиктер. Бірнеше облыста оқушылар бүгін де мектепке бармайды, сабақты қашықтан оқиды. Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірдің тас жолдарында көлік қозғалысы шектелген. Қазір Астанада термометр -33 градусты көрсеткенімен, күннің суықтығы -43 градус секілді сезіледі.