Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне преПрезидентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады.
8 мемлекеттің жаңадан тағайындалған елшілері Қазақстанда өздерінің дипломатиялық миссияларын бастап кетті. Бүгін олар Ақордада Президентке сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.