Елімізде қашықтан оқытудағы олқылықтардың орнын толтыру жоспарлануда

Қашықтан оқытудағы олқылықтардың орнын толтыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және келер оқу жылында барлық проблема жойылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Қазір педагогтарға оқу жоспарларын түзетуге рұқсат етілді. Бұдан бөлек, бастауыш білім беру саласындағы қызметтердің 24%-і және жалпы орта білім берудің 18%-і интернет арқылы көрсетілген. Бастауыш сыныпты қашықтан оқыту үшін мемлекет қаржысынан 17,6 млрд теңге бөлінген. Ал орта білім беру саласында 65,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Сонымен қатар өткен жылдың төртінші тоқсанында орта және шағын кәсіпорындары да қол ұшын созған. Олар шамамен 71,7 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Айта кетерлігі, 2020 жылдың IV тоқсанында бастауыш білім беру саласына 74,8 млрд теңге бөлінген. Бұл былтырмен салыстырғанда, 36,4%-ке артық. Сондай-ақ негізгі және жалпы орта білім беру қызметтері 367,6 млрд теңге болған.