Шетелдік студенттер Ресейге барып, оқуын жалғастыра алады

Ресей университеттерінде білім алатын шетелдіктер осы елге барып, оқуын жалғастыра алады. Қазіргі уақытта Ресейге 25 елдің студенттері кіре алады. Бұл тізімде ҚАЗАҚСТАНДЫҚ жастар да бар.

Бірақ студенттер елге бармай тұрып 10 күн бұрын өздері білім алатын оқу орнына электронды пошта арқылы хабарлама жіберуі керек. Әр азаматтың қолында 72 сағат бұрын алынған теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасы болуы тиіс. Мемлекет шекарасын кесіп өткеннен кейінгі 3 күннен соң тағы бір рет тестілеуден өтуі қажет. Және оның қорытындысы шыққанша студенттер оқшауда болуға міндеттеледі.