Ақтөбеде білім беру саласына қатысты жаңа санитарлық талаптар енгізілді

Ақтөбеде мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің барлығы вакцина алуға тиіс. Сонда ғана дәстүрлі білім беру форматына көшуге болады. Бүгін өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. 

Денсаулығына байланысты вакцина алуға болмайтындар мен соңғы үш айда вирус жұқтырғандар ғана екпе алмайды. Қалғандарына талап ортақ. Мектептерде санитайзерлер мен өзге де зарарсыздандыру құрылғылары болуға тиіс. Көпшілік бас қосатын бұқаралық жиындарды өткізуге болмайды. Әр сыныпқа жеке-жеке сабақ кестесі жасалады.  Кәмелеттік жасқа толған студенттерге вакцина салу орындары қарастырылады. 

Мұхтар Сербаев, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Мектепке тек қана вакцина жасаған мұғалімдер ғана кірігізілетін болады. Және де бірінші класстың болады және де басқа да ата-аналар кіретін жағдайда олар міндетті түрде «Ашық» системасы бойынша тексеріліп, сол жасыл статусы дейміз ғой, сол жасыл статусы бар адамдар ғана өткізілетін болады.