Өскемендік ғалымдар антитеррорлық сканер ойлап тапты

Өскемендегі Серікбаев атындағы техникалық университет ғалымдары адамды толық сканерлік тексеруден өткізетін құрылғы ойлап тапты.

Бірнеше функцияны қатар орындайтын қондырғыны оқу орнының кіреберісіне орнатылды. Ғимаратқа кірген адам турникеттен өткен кезде дене температурасын өлшеп, дезинфекция  жасайды. Қауіпсіздік қондырғысына басқа оқу-орындары мен мекемелерден тапсырыс түскен. Әзірге аппарат сынақтан өтіп жатқандықтан авторлар оны әлі де жетілдіруді ойлап отыр.

Айта кетейік, Ресейдің Пермь қаласындағы университетте болған қайғылы жағдайдан соң еліміздегі жоғарғы оқу орындары қауіпсіздікті күшейтті.

Ғалымбек Оразбаев, университеттің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі:

- Біздің университетте толық антитеррорлық бағаға сай турникетіміз бар. Металл детекторымыз бар. Металл іздейтін заттармен жабдықталған.