Шымкенттік ғалымдар көкөніс көшеттерін егуге арналған машина ойлап тапты

Трактордың аспалы тіркемесі ғалымдардың «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясы аясында құрастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа агрегат көкөніс пен бақша дақылдарын  егу кезінде көшет аралығын сақтап, жерді биологиялық өңдеуден өткізеді. Егіс даласындағы шығынды 10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қосымша жұмыс күші тартылмайды. Құрылғының ТМД елдерінде баламасы жоқ. Сондай-ақ, жоба жетекшісі Бердияр Қалымбетов, диқандарға жаңа техникаға қоса тамшылату суару мен өңделген тұқым түрлерін пайдалануды ұсынып отыр. Өйткені жер телімін тиімді игеру арқылы бір алқаптан жыл он екі ай өнім жинауға болады,-дейді.

Бердияр Қалымбетов, техника ғылымдарының кандидаты:

- Машинаның ерекшелігі ашық алқапта сағатына бес мың түпті еге алады. Пленкамен жабындалған алқапта үш мың түпке дейін егеді. +Демек бір гектар жерді бір машина бір күнде егіп кетеді. Ал қол күшімен 30 адам екі күнде егеді. Қазақстанда жасалған патентная изобретения өнертабысқа патент алдық. Еуропа, Азия елдеріне сатуға құқық беретін сертификат та алдық.