Ғылымды дамыту үшін заң керек
Ғылым өркендесе, ел экономикасы да өрге жүзеді. Бүгінде Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл заң ғылымның дамуына зор серпін бермек. Жақында Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізген Президент, табиғи апатпен күресте ғылымның күшін пайдалану керегін жеткізді. Атап айтқанда, ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін пайдалануды ұсынды.