Қызылордада кітап сыйлау күні атап өтілді
Халықаралық кітап сыйлау күнін қызылордалық жастар белсенді атап өтті.
Осыдан 4 жыл бұрын өңірде құрылған "кітап клубы" облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамына ондаған кітапты сыйға тартты. Қоғамдық ұйым мұндай игі шараны дәстүрге айналдырған. 200-ге жуық мүшесі бар клуб соңғы жылдары 3 мыңдай кітапты оңалту орталықтары, ауруханалар мен мектептерге үлестіріпті. Сонымен қатар жастарды кітап оқуға қызықтыру үшін жүзден астам шара ұйымдастырған. Олардың дені байқау, жарыс түрінде өтеді. Тың бастамаға Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе қалаларының да жастары қызығушылық танытып, кітапқа құмар жастардың клубын ашқан.
Талғат Меңдібаев, клуб жетекшісі:
- PISA деген халықаралық стандарт бар оқушылардың білімін тексеретін. Жастардың аналитикалық, логикалық қабілетін тексереді. Неге біздің жастар алғашқы ондықта болмайды, неге бірінші орында болмайды? Соған кішкене үлес қосу үшін біз интелектуалдық ойындарды қолға алып жатырмыз. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде. Ішіне кітапты, логикалық сұрақтарды кіргізе отыра сондай жұмыс жасап жатырмыз.