Шымкентте оқушылар тамақ қалдығынан тыңайтқыш өндіреді
Шымкентте мейрамханалар мен дәмханалардан шыққан қалдық, қайта өңделіп, одан тыңайтқыш жасалады.
Оны қаладағы физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүзеге асырады. Кәсіпкерлер оған, демеуші болуға ниетті. Мектеп оқушыларының жобасы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған республикалық жарыста жоғары бағаланды. Олар осы жұмысы үшін байқаудың «Прототип» аталымын жеңіп алды. Мұндай қондырғылар әлемде бұрыннан бар. Алайда мамандар Отандық өнертабыстың артықшылығы көп екенін айтады. Біріншіден, бағасы қолжетімді, екіншіден электр қуатын аз тұтынады. Қондырғы 10 келі қоқысты 1,5 сағаттың ішінде тыңайтқышқа айналдырады. Биыл шаһардағы қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдықтар қайта өңделе бастайды.
Олжас Жаһангер, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Тамақтың қалдығын салған кезде оны турайды, майдалайды матор, одан кейін астындағы тор арқылы төменгі бөлікке өтеді. Одан кейін миксер арқылы араластырылады. Сол кезде терможелдеткіш арқылы температураны 60-70 градусқа көтеріп, құрамындағы суды барынша буландырамыз. Яғни құнарын қалдырып, суды азайтамыз.