Астанада қазақ тілін оқыту технологиялары талқыланды
Қазақ тілі – ғылым тілі. Қазақ тілі – пәнаралық сабақтастықтың тілі. Осындай бастамамен бүгін астанада қазақ тілі мұғалімдері мен оқытушыларының семинары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар тіл үйрету технологияларын талқылады. Жиында қазақ тілінің кәсіби үйрету әдістемелері сөз болды. Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің президенті Эльмира Оразалиеваның айтуынша, қазақ тілін кәсіби деңгейде үйретуге арналған қосымшалар мен түрлі технологиялар көп. Олар заманауи сұранысқа бейімделген. Семинарға 100-ге жуық оқытушы қатысты. Олардың басым бөлігі онлайн фарматта пікірталасқа қатысты.
Эльмира Оразалиева, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаментінің профессоры:
- Қазіргі өзекті мәселе қатарында, ең бірінші, әрине, әдістемені меңгеру. Тіл үйрету әдістемесіндегі жаңалықтарды, жаңа технологияларды меңгеру және Қазақстан көлемінде, Қазақстан сыртында қазақ тілін үйретіп жүрген мамандармен халықаралық ынтымақтастыққа келу.