Қазақстандық университеттер бірігіп маман дайындайды
Қазақстандық жоғары оқу орындары мемлекеттік қызметкерлерді дайындау үшін бірікті. Отандық университеттер бүгін тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тараптар келісім аясындағы жол картасын да талқылады. Болашақта оқу орындары бірлескен зерттеулер жүргізіп, білім беру бағдарламаларын дайындауды жоспарлап отыр. Басты мақсат – мемлекеттік басқару және HR бағытында сарапшылар тобын қалыптастыру. Сондай-ақ доктаранттар мен магистранттар, мемлекеттік мекемелерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
- Біз 30 шақты ЖОО-лармен бірлесе отырып, меморандумға қол қою рәсімін бүгін бастайын деп жатырмыз. ЖОО мемлекеттік басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару адами ресурстарды басқару мамандықтары бойынша біраз тәжірибелері бар. Жақсы жақтарымызды, алған тәжірибелерімізді біріктіре отырып, мемелкеттік қызметке жаңа буынды келтіргіміз келіп отыр.