Ұлытау облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 7 мектеп салынады

Оның алғашқысы биыл 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі. Бұл туралы жобаның үйлестірушілері айтты. 

Құрылыс жүретін аумақтар анықталды. Заманауи үлгідегі мектептердің екеуі облыс орталығында, біреуі Жезқазғанның іргесіндегі Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтереді. Өзгелері Сәтбаев қаласы мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында салынады. Жалпы, аймақта орта біліммен қамту көрсеткіші жаман емес. Мектептер тек 2 ауысыммен жұмыс істейді. Қазір облыстық білім басқармасы жаңадан салынатын жайлы мектептерге кадрлар тарту ісіне қызу кіріскен.

Мәулен Айманбетов, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы:

- Конкурсқа сәйкес барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Келесі аптаның дүйсенбісінде жалпы конкурсты жариялаймыз. Біз жергілікті құрылыс компанияларына 5%-тік жеңілдік беріп, сол жергілікті құрылыс жүргізіп жүрген компаниялар қатысып ұтып ала алады.

Сапура Төлекова, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Құрылыс басталғалы бірден сол кадрды жасақтаумен айналысамыз. Бірінші кезекте басқарушылар болатын болса, біз ол жерде қанша сынып ашылатынын жоспарлай отырып, қажеттілікке енгізіп отырмыз. Болашақта біздің мынау әкімнің тарапынан берілетін мемлекеттік грандтарда да ол ескеріледі. Біздің өңірімізде педогогикалық оқу орны жоқ болғандықтан, өзімізге жақын орналасқан немесе республикадағы іргелі педагогикалық маман дайындайтын оқу орындарымен жұмыс жасағанда тапсырысты соған береміз.