loader


«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына өтініш қабылдау басталды

Елімізде «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысуға өтініш қабылдау басталды.

4-рет өткізілетін байқаудың жеңімпаздары Қазақстандағы үздік мамандандырылған оқу ордаларына тегін түсе алады. Биыл бұл мүмкіндік 6-шы сынып оқушыларына беріліп отыр. Құжаттар наурыз айының 30-на дейін қабылданады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Басында үміткерлер онлайн форматтағы тестілеуден өтуі тиіс. Ол сәуірдің 3-і мен 7-сі аралығында ұйымдастырылады.  Мұнда оқушылардың логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Сынақтан сүрінбегендер екінші кезеңге қатысады. Яғни олар математика, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын және жаратылыстану пәндері бойынша тапсырамалар орындайды. Жалпы, 2020-сыншы жылдан бері бұл сайысқа 600 мыңға жуық жасөспірім қатысқан. Олардың 960-сы қазір дарынды балаларға арналған мектептерде білім алып жатыр.

Нұрлан Жұмагелді, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:

- Биыл тек 6-кластың балалары ғана тапсыра алады. Былтыр 5-6 болса, биыл тек 6-шы класс. Мамандандырылған мектепке қабылданатындарға 10 проценттік квота бар. Еш конкурссыз қабылдаймыз. Ауылдық мектепте оқып жүрген баланы бірден қаладағы дарынды балаларға арналған мектепке түсіріп, әрі қарай соларға білім алуға тегін мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ...