Ұйғыр ауданында мектеп құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Алдағы екі жылда Алматы облысында 63 мектеп салынады.

68 мың оқушыға арналған білім нысандары облыстың 5 ауданы мен Қонаев қаласында бой көтереді. Биыл 23 мектептің құрылысы басталады. Қазір жер телімдері беріліп, мемлекеттік актілер дайындалды. Мұның бәрі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Өңірде үш ауысымдық білім ұйымдарының мәселесі өзекті болып тұр. Қазірдің өзінде Қонаев қаласында, Ұзынағаш пен Шонжы ауылдарында 1500 балаға арналған білім шаңырақтарының құрылысы жүріп жатыр.

«Үшеуі де жаңа оқу жылына тапсырылады», - дейді жауапты мамандар.

Бауыржан Қашқынбаев, Ұйғыр аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы

- Қазіргі таңда құрылыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алматы облыстық құрылыс басқармасы жоспарлағандай ағымдағы жылдың соңына пайдалануға беріледі.