Кентау қаласының оқушысы Қаражорға билейтін роботты жасап шықты
Қаражорға билеп тұрған бұл робот Кентау қаласындағы бесінші сынып оқушысының қолынан шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аружан Смайл есімді балақай Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Ол биші құлтемірін көпшілікке Наурыз мерекесінде көрсетті. Аружан жетекшісімен бірге дәстүрді насихаттайтын ерекше жоба жасағысы келіп, ойын осылай жүзеге асырыпты. Тәлімгері Ақниет Елемесованың айтуынша, алдағы уақытта «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге ілу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын роботехникамен ұштастыру жоспарда бар. Осылайша, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге қызығушылығын арттырсам дейді өзі.