Атырауда бес мектеп төртінші тоқсанда онлайн оқиды

Атырауда бес мектептің оқушылары төртінші тоқсандағы сабақты онлайн оқиды.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Балмұханов  №13, 31, 19, 22 және 27-мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін осындай шешім қабылданғанын айтты.  «Аталған мектептердің оқушылары оқу жылының аяғына дейін сабақты қашықтан оқуға ауыстырылды. Себебі, наурыздың соңында бес мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазір мердігер мекемелермен шарттар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның мерзімі 3,5 айдан 6,5 айға дейін созылуы мүмкін», - делінген ата-аналарға таратқан хабарламада.

Гүлнара Садуахасова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Жаңа оқу жылына дейін күрделі жөндеу жұмысы аяқталмай қалады деген қауіп бар. Соған байланысты қазір келісім сөздер жүріп жатыр. Мердігерлердің ұсынысы бойынша онлайнға шығарылса деген ұсыныс білдірілген.  Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ.Онлайнды шешу үшін ол мектептерді жіберу үшгіне біз әрине минситрліктің рұхсатын алуымыз керек.