Елімізде педагогтарды даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды

Елімізде заманауи сапалы педагогттарды даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол білім беру ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты атқарады. Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағытта жұмысты бастады.

30 наурыз күні облыстық білім басқармасы басшыларының, ЖОО ректорларының қатысуымен 2 ведомствоның бірлескен отырысы өтті. Жиында ұстаздардың өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары талқыланды.