Бестөбе кентінде жаңа мектеп салынып жатыр
Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде жаңа мектеп салынып жатыр.
Бұл ауылда 1200 оқушы бар. Жергілікті биліктің сөзінше, қазір орын тапшылығы қатты сезіледі.
Сондықтан жаңа нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек Бестөбеде жолдарды жөндеп, үлкен стадион мен дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу жоспарда бар.
Бұл Ақмола облысындағы 6,5 мыңға жуық тұрғыны бар Бестөбе кенті. Жергілікті биліктің сөзінше, жыл сайын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі өсіп келеді. Елді мекенде заманауи үлгідегі емхана да ашылған. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған. Емдеу мекемесінде бір мезетте 50 адам дәрігерде қарала алады. Бұдан бөлек, жол мәселесі де шешімін табуда, – дейді кент әкімі.
Cырым Қабай, Бестөбе кентінің әкімі:
- 2021 жылы 3 шақырым жол салатын болсақ, биыл бұл 2 есе, 4 шақырымға дейін өседі деген ойдаймыз. Және де облыстық бюджеттен қаражаттар бөлінді бұл проекттарға. Және де жылыту маусымына байланысты модульный котельныйлар салғалы отырмыз. 2021 жылы өзін салдық. Енді сеттерін жалғау ғана қалды.
Әкімнің айтуынша, кентте тағы 1964 жылдан бері жұмыс істеп тұрған мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жүргізілуде. Мұнда балалар түрлі үйірмелерге тегін қатысады. Тағы Бестөбеде оқу орны тапшылығы мәселесі де шешімін табуда. Яғни, 300 орынға шақталған төртінші білім ордасы салынып жатыр.
Сырым Қабай, Бестөбе кентінің әкімі:
- 2023 жылға бізде үлкен проекттардан заманауи стадион салу. Оған 368 млн теңге қаралып отыр. ФОК – 1 млрд проект. Соның бәріне қаражат бөлінді.
Бұдан бөлек 285 млн теңгеге жол салу жөнінде облыс орталығына өтініш берілген. Бұл жоба да жуық арада басталады.
Риат Шони, Серік Қоңырбаев